Басып шығару

Болашақ Энергетиктер олимпиадасы

2016 жылдың  желтоқсан  айының  4 мен 7 аралығында  Алматы Энергетика және Байланыс институты  «Самұрық»  компаниясымен бірлесе отырып, энергетика саласындағы студенттер арасында  ғылыми-практикалық олимпиада өткізді. Бұл олимпиадаға  Қазақстанның барлық аймақтарынан болашақ энергетиктер  жиналды. Біздің университеттен  аға оқытушы Ильясова Карлығаштың жетекшілігімен  бес студент барды. Олимпиада нәтижесі бойынша:  ИП-14-4р тобының студенті  Құрбанқұлов Бюнед  300 000  тенгелік сыйақымен марапатталды, ал  басқалары сертификат  алды. Командалық есепте ОҚМУ  екінші орынға ие болды. Біз студенттеріміздің осындай  жетістіктерін  мақтан етеміз.  


powered by social2s