Басып шығару

Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер

2016 жылдың 23 қараша күні университет конференц-залында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты ұйымдастырылған дөңгелек үстеліне жоғары мектеп студенттері белсене қатысты. Осы шараға республикамызға танымал ел ағалары қонаққа келді. Атап өтсек: Әбдірахманов Аманәлі - ҚСРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», дербес зейнеткер; Мәуленқұлов Жеңісбек – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мархабат Байғұт – жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Пак Роза Викторовна - №45 мектеп-гимназиясының директоры, «Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің ОҚОФ торайымы. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлға, халқын сүйетін ұлтжанды азамат туралы көптеген жылы лебіздер, әңгімелер айтылды. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ, деп қорытындылады іс-шара қонақтары. Дөгелек үстел өте қызық өтті, сұрақтар қойылып жауаптар алынды.


powered by social2s