Басып шығару

Тәуелсіздік – тұғырым

Қараша айының 25 жұлдызында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының ИП-16-6к1 тобының студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәлімгерлік сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналды. Іс-шара барысында өлеңдер айтылып, күй тартылып, гитара ауенімен «Желтоқсан желі...» әні шырқалды, желтоқсан оқиғасының құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы көріністер көрсетілді. Осы іс-шараға тәрбие жұмыстары және жастар саясатының департаментінің бас маманы Н.А.Чернявская, ЕТжБҚ кафедрасының меңгерушісі С.Т.Ахметова, АТжЭ ЖМ аға тәлімгері Ж.У.Нышанбаева қатысты.

 


powered by social2s