Басып шығару

Ұлы даланың өткені мен бүгіні

2016 жылдың қараша айында  Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының ашылуына 15 жыл толып  отыр. Жоғары мектептің ИП-15-3к2, ИП-16-4к1 және ИП-14-7к1 тобының студенттері осы күнге орай өткізілген іс-шараға қатысты. Осы шараға жоғары мектептің аға тәлімгері Ж.У.Нышанбаева,  «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға тәлімгері И.К.Кульмаханова, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға тәлімгері Э.Т.Куленова, ИП-14-7к1 тобының тәлімгері Б.Т.Макажанов  қатысты. Іс-шара барысында алаш зиялыларының өмірінен үзінді көрсетті. Баяндама, өлеңдер оқылды. Күмбірлеген күй орындалды. Мұражай ішіне саяхаттап, құнды тарихи мағлұматтармен танысты.

 


powered by social2s