Басып шығару

Қайырымдылық акциясы

"Ақпараттық технологиялар және энергетика" жоғары мектебінің белсенді студенттері Шымкент қаласының кішкентай тұрғыны Амангелді Даниял Дарханұлына қаржылай көмек беру мақсатында  қайырымдылық акция-жәрмеңке өткізді. Даниял туылғаннан ДЦП-сал ауруы-шперкенес пластика ауруымен ауырады. Астана қаласындағы балаларды оңалту орталығында ем қабылдауға көп қаражат керек. Ондай қаражат Даниялдың отбасында жоқ. Даниялдың анасы да 2-топ мүгедегі. АТжЭ ЖМ студенттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға көмек беру үшін өздерінің қолымен әзірленген нан өнімдерін жәрмеңкеге ұсынды. Барлық жиналған қаражат Даниялдың отбасына табысталды.


powered by social2s