Басып шығару

Профессор Даниель Павковичтің «Электроэнергетика» БББ докторантура және бакалавриат білімалушыларына дәріс оқуы

Загреб университетінің механикалық инженерия (машина жасау) және кеме жасау факультетінің профессоры (Загреб қ., Хорватия) Даниель Павкович 2025 жылдың 21 мамырында 8D07150 «Электрэнергетика» докторантура БББ және 6В07150 «Электроэнергетика» БББ бакалавриат білім алушыларына дәріс оқыды.
   ДИТ-24-5тк тобының студенттері «Comparative Assessment of battery cell Charging systems: conventional approach vs. open-circuit voltage feedback» тақырыбында дәріс тыңдап, семинарға қатысты. Студенттер басқару жүйесін жобалаумен танысты: оңтайлы демпфирлеу, батареяны дәстүрлі салқындату параметрлері – рекапитуляция, зерттелетін басқару жүйелерінің міндеттері, кернеу шектеулері және реттегішті реттеу, батарея параметрлерін бағалау, SPAM бағалау қорытындысы (Ляпунов теориясы), Matlab/Simulink-те модельдеу параметрлері, модельдеу нәтижелерін шығару: CCC-VL (қалыпты, бейімделген).
   ИП-22-4к бакалавриат тобының студенттеріне зарядтау құрылғысы мен батарея параметрлерін таңдау бойынша өзекті ақпарат берілді, 3D-форматтағы модельдер ұсынылды.
Дәріс тақырыптары докторанттар мен бакалавриат студенттерінің тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бұл тақырыптар электроэнергетика саласының ғылыми және өндірістік ортасындағы мәселелерді шешу үшін өзекті болып табылады.

 


powered by social2s