Загреб университетінің механикалық инженерия (машина жасау) және кеме жасау факультетінің профессоры (Загреб қ., Хорватия) Даниель Павкович 2025 жылдың 14 мамырында 8D07150«Электрэнергетика» докторантура БББ білім алушыларына дәріс оқыды.
ДИТ-24-5тк тобының студенттері кафедраның 504 аудиториясында «DC microgrid voltage control» тақырыбында дәріс тыңдады. Студенттер тұрақты ток микрогридтерінде кернеуді басқарудың инновациялық әдістерімен танысып, қосылу схемаларын егжей-тегжейлі қарап, дәріс тақырыбы бойынша жеткілікті көлемде деректер ұсынылды.
Дәріс тақырыбы докторанттар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды, талқылау «пікір алмасу», «пікір-талас» және «сұрақ-жауап» форматында өтті. Бұл тақырып электроэнергетика саласындағы қазіргі мәселелерді шешуде өзекті болып табылады.
Жаңалықтар
Жетекші шетелдік ғалым, профессор Даниель Павковичтің «Электроэнергетика» БББ докторантура білім алушыларына дәріс оқуы
powered by social2s