Басып шығару

Жетекші шетелдік ғалым, профессор Даниель Павковичтің Білім алушыларға дәріс оқуы

     Загреб университетінің механикалық инженерия (машина жасау) және кеме жасау факультетінің профессоры (Загреб қ., Хорватия) Даниель Павкович 2025 жылғы 12 мамырдан бастап «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының 6В07150 «Электр энергетикасы» БББ бойынша бакалавриат білім алушыларына дәріс оқып, семинарлар өткізеді.
    2025 жылғы 12-13 мамырда профессор Даниель Павкович ИП-22-4а тобының студенттеріне «Modeling and identification of battery models: VRLA. LiFePO4 and LTO» тақырыптарында дәрістер өткізді, дәрістер 504 аудиторияның заманауи интерактивті тақтасын қолдана отырып жүргізілді. Студенттерге дәріс тақырыптары бойынша энергетика саласының қазіргі үрдістеріне және сын-қатерлеріне сәйкес келетін үлкен көлемдегі деректер ұсынылды. Бұл тақырыптар өзекті, заманауи интерпретацияда баяндалған және аккумуляторларды, энергия сақтау жүйелерін қолдану саласындағы маңызды мәселелерді қамтиды.
   Студенттер тарапынан профессор дәрістерін тыңдауға жоғары қызығушылық байқалады, бұл оқу процесінде қажетті білімдерді қалыптастыруға, ал кейіннен энергетикалық ұйымдарда практикалық жұмысқа қолдануға ықпал етеді.


powered by social2s