Басып шығару

Кәсіби-бағдар беру мақсатында кездесулер

15.05.2025ж Шымкент қаласының  №16 ЖББМ және №38 мектеп-гимназияларында мектеп бітіруші түлектермен  мамандық таңдау, болашақтың мамандықтары жөнінде арнайы  кәсіби-бағдар беру  мақсатында кездесулер,түсіндірме жұмыстары жіне пікір-алмасулар ұйымдастырылды.
    Мектеп бітіруші түлектерге университетіміздің мамандыұтары туралы, соның ішінде «Аөпараттық коммуникациялық технологиялар жіне энергетика » жоғары мектебінде дайындалатын болашақтың мамандыұтары туралы көптеген мәліметтер берілді. Университет тарапынан,жоғары мектеп тарапынан, кафедралар тарапынан дайындалған анықтамалық брошюралар, түсіндірме кітапшалар таратылды. Бітіруші түлектер өз сұрақтарына жеткілікті деңгейде жауаптар алып,ризашылықтарын білдірді. Университет, жоғары мектеп, кафедраның байланыс мәліметтермен алмасу жүргізілді . «Болашақ мамандардың IT-технология бағытында коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында арнайы мамандыққа бағытталған дәріс  кафедра ұстаздары М.М. Амиров және Н.М.Жайлаубаев аса белсенділік танытып мектеп бітірушілерге  мамандық таңдауына үлкен серпіліс бере білді. Көрсетілген мектептерде  мектеп бітірушілер саны 220-оқушы  қазақ тобы, 60-оқушы орыс топтарында білім алуда.Өткізілген іс-шаралар мектеп бітушілерге мамандық таңдауда улкен кқмек болатынына кәмілтсенеміз.


powered by social2s