Басып шығару

«Жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жастар – жарқын болашақтың сенімді кепілі» атты студенттік ғылыми конференция

2023 жылдың 7 желтоқсан күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғарғы мектебінде Университетіміздің 80-жылдығына арналған «Жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жастар – жарқын болашақтың сенімді кепілі» атты студенттік ғылыми конференциясы болып өтті. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» секциясында 13 студенттің баяндамаларын тыңдау жоспарланған. Секцияның жұмыс барысында жоспарланған 13 баяндама тыңдалды және олардың 8-і марапатталды. Сонымен қатар конференцияда белсене катысып, баяндама жасаған 5 студент мақтау қағаздарымен марапатталды.

Баяндамалар келесі бағыттарды қамтыды:

  1. Электрондық терминологиялық сөздік жасау
  2. Заманауи ақпараттық технологиялар
  3. Робототехника

Қазіргі таңдағы заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялар және олардың ғылыми  салалардағы, қоғамдағы үлесі туралы студенттер баяндамаларында қызу талқыланып, қарастырылды. Баяндамашы студенттердің көпшілігі баяндамаларын еркін меңгерген және ағылшын тілінде жоғары деңгейде баяндауға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар тыңдаушылар зор қызығушылықпен тыңдады. Баяндамалардың ішінен кафедра оқытушыларының бір ауызды пікірімен келесі студенттер  мақтау қағаздарымен марапатталды:

1 орын

Сейтхан Нұртөре ЮМ-23-6к тобының студенті.
 2 – орын

Нышанбай Нұрай ФИ-22-7к4 тобының студенті.

Азимова Мехринисо, Каракулова Карина ЮМ-23-3р тобының   студенттері

Кенбай Жәнібек ИП-23-10к

3 – орын

Жолдас Дастан, Жұмахан Ерсұлтан ИП-23-7к2 тобының студенттері.

 Павлова Алиса АП-23-8р тобының студенті.

Ділдабек Аружан ФИ-22-7к4 тобының студенті.

Амирбекова Сандуғаш МӨ-22-17к2 тобының студенті.

 

 


powered by social2s