Басып шығару

Жетекші шетелдік ғалым, профессор Д.П.Карайвановтың "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер"кафедрасының білім алушыларына дәріс оқуы

Инженерия докторы, химия-технологиялық және металлургия университетінің доценті (София қ., Болгария) Карайванов Димитьр Петков 2023 жылғы 24 қарашадан бастап "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер" кафедрасының 6В07150 "Электрэнергетика" БББ  бакалавриат білім алушыларына дәріс оқиды.Мәселен, 2023 жылғы 07 желтоқсанда профессор Д.П. Карайванов "2К-Н Планетарлық берілістің кинематикалық талдауы. Момент әдісі. Левередждік ұқсастық" кафедраның 504 аудиториясының интерактивті тақтасын қолдана отырып. Білім алушыларға саланың заманауи үрдістері мен талаптарын қанағаттандыратын дәріс тақырыбы бойынша жеткілікті деректер берілді. Бұл тақырыптар заманның талабына сай, механизмдер, машиналар, бөлшектер саласындағы өзекті мәселелерді қозғай отырып, заманауи интерпретацияда баяндалған.Осындай жоғары деңгейдегі Профессордың дәрістерін тыңдаған студенттер тарапынан оқу процесінде қажетті білімді қалыптастыруға, ал болашақта кәсіпорында практикалық жұмыста қолдануға ықпал ететін дәрістер тақырыптарына жоғары қызығушылық байқалады.


powered by social2s