Басып шығару

Студенттердің жас ғалымдар слетіне қатысуы

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен «QazScience: Жас ғалымдар слеті»  слеті өтті. Бағдарлама аясында «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының ИП-21-4к5 және ИП-21-4тк тобының студенттері, ғ.т.м., аға оқытушысы Апсеметова А.Т. «Азия Трафо» қазақстандық жетекші трансформаторлық зауытында өткен «ЖЕР, ҒАРЫШ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ Ғылым және энергия: болашаққа көзқарас» секциялық отырысына қатысты. Конференция спикерлері ЖШС «Азия Трафо»  жетекші  инженерлері бар проблемалар туралы айтып, электр машиналарды жасау саласындағы идеялармен, тәжірибелермен және зерттеулермен бөлісіп алмасты.


powered by social2s