Басып шығару

«Future simple passive» тақырыбында ашық сабақ .

«Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Мамекова Сандугаш Курманалиевнаның ЖТ 22-3к1 тобымен «Шет тілі» пәнінен өткізген ашық сабағының есебі .
20 сәуір 2023 ж. «Техникалық мамандықтарға арналған шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Мамекова С.К. ЖТ 22-3к1 тобының студенттерімен «Future simple passive» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта аға оқытушы шет тілін оқытудың 4 дағдысын енгізді: «Оқу», «Айту», «Жазу», «Тыңдау». Қолданылған қадамдар: кіріспе; фонетикалық қызу, жаңа сөздік; бейне сабақты пайдалана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру, карточкамен өздік жұмыс, желілік топтық жұмыс; сабақ тақырыбына байланысты оқу, сабақ тақырыбы бойынша мәтінді тыңдау, сұрақтарға ауызша жауап беру. Коммуникативті әдіс, практикалық әдіс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әдісі, сонымен қатар жаңа инновациялық әдістер қолданылды. Оқушылардың 4 дағдысын дамытып, белсенділігін арттыру мақсатында карточкалар, оқулық, интерактивті тақта, ноутбук, интернет пайдаланылды.


powered by social2s