Басып шығару

Мотивациялық әңгіме-сабақ

7.09.22  және 8.09.22 күндері «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Т. С. Ашимова “Knowledge is power” атты СМ-22-1р,4р , СМ-22-6k1,2,3,7k1 топ студенттерімен мотивациялық әңгіме-сабақ өткізді.

Сабақ қонағы АҚШ, Калифорния штаты, Лос- Анджелес қаласынан келген National Geographic Documentary Film Producer, Discovery Channel, CNN, BBC, History Channel,ABC Networks жұмыс жасаған американдық продюсер, журналист және құқық қорғаушысы – Нура Ашимова. Әңгіме барысында студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен алмасты. Мотивациялық сабақ өте жоғары деңгейде өтті.


powered by social2s